Колледж директоры:
Білімі: Жоғары, Алматы педагогикалық шет тілдер институты, мамандығы: француз және неміс тілдерінің мұғалімі;
Жоғары, Қазақ мемлекеттік заң университеті, мамандығы: заңгер
Еңбек жолы:
1981-1987жж. Сарыағаш қаласы, М.Әуезов атындағы орта мектебінде неміс тілі мұғалімі;
1987-1992жж. Сарыағаш аудандық халықтық білім бөлімінің мектеп инспекторы;
1992-2001жж. Сарыағаш қаласы, №47 орта мектебінде ұзартылған топтың тәрбиешісі;
2001-2004 жж. Шымкент қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазНТУ ШФ әдіскері және директор орынбасары;
2004 жылдан бастап – Шымкент қаласы, «Техникалық колледжі» жеке мекемесінде директор қызметін атқаруда.
Санаты: жоғары
Колледж башысының жетістіктері.
2008 жылы ОҚО Білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2012 жылы ОҚО Білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2013 жылы «Студенттік көктем» фестивалінде жастардың талантарын шыңдауға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2013 жылы «Шымкет -инновация» ЖШС ұйымдастырған оқушы жастар арасындағы ғылыми жобалар мен идеялар көрмесіне жастарды жоғары деңгейде қатыстырғаны үшін ОҚО Білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2015 жылы Республикалық «Ұстаз жолы» газеті редакциясы қорының шешімімен «Ерен еңбегі үшін» төс белгі, 2015 жыл 2016 жылы Мемлекет саясатының әлеуметтік бағытының ең басты көрсеткіші баланы қорғау және әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұлғаларға қамқорлық таныту екендігін ескере келе 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көрсеткен көмегі үшін ОҚО Білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2016 жылы Наурыз мерекесін жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін ОҚО Білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.